Облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жануарлардың аса қауіпті ауруының алдын алуға арналған ветеринариялық препараттардың сандық және сапалық құрамы (жабайы етқоректілердің құтыруына қарсы) комиссиялы түрде қабылданып, арнайы автокөлікпен температуралық режимді сақтай отырып, облыстың Балқаш, Жамбыл, Райымбек, Талғар, Ұйғыр аудандарының ветеринариялық бөлімдеріне жеткізілді.
Қазіргі уақытта 2026 жылға қажетті ветеринариялық препараттармен қамтылу деңгейі 96,0% құрайды.