Шалқар аудандық
мәслихатының депутаттығына кандидаттарды
ұсыну қорытындылары мен тіркеу туралы
2026 жылғы 29 қарашасында өтетін Шалқар аудандық мәслихатының кезектен тыс депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 39 кандидат ұсынылды. Оның 15 - саяси партиялар, 24 - өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 29 – ер адам және 10 – әйел адам.
16 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 23 партияға тиесілігін көрсетпеген, 23- партия мүшесі емес.
Орташа жасы - 41 жас. Ұсынылған кандидаттр арасында 1 этнос өкілдері бар.
35 кандидаттың жоғары білімі, 4 – орта кәсіптік білімі бар.
Кандидаттардың 26 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 10 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 1 - саяси партия қызметкері, 2 –жұмыссыз.
2 кандидат тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады; тіркеуге дейін 0 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.
Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж.1 қараша сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 28 қараша күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.