Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізуге негіз:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабына, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-3-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы №46 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау сатып алу қағидаларына» сәйкес, 2026 жылғы маусым айында жүргізілген бақылау сатып алу нәтижелері және 2026 жылғы 22 маусымдағы №2260001067913305, №2260001067913310, №2260001067913318 полимерлі және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамалары негізінде ерлер жейдесі, әйелдер көйлегі және ерлер футболкасы өнімдерінде таңбалану бойынша сәйкессіздік анықталды.
- Тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органы:
Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерін пайдалануға келісімі):
Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:
2026 жылғы 02 шілде – 2026 жылғы 30 шілде.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлға:
«Partners Retail Group Atyrau» ЖШС, БСН 220840036504.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу себептері мен сипаты:
«Partners Retail Group Atyrau» ЖШС тергеп тексеру жұмыстарын жүргізу барысында Түркия, Murat GEGME MAN. E-5 LONDRA ASFALTI CAD, NO: 92 Е/1 мекенжайында орналасқан «Aydinli Hazir Giyim San. Ve Tic.A.S.» компаниясының жүкқұжатын ұсынды, сәйкессіздік анықталған өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттар ұсынылмады.
- Нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуына жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
«Partners Retail Group Atyrau» ЖШС, БСН 220840036504.
- Қабылданған шаралар:
2026 жылғы 30 шілдедегі №57 Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулысы шығарылып, техникалық регламенттердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымнан алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы шешім қабылданды.