«Қарасу өңірі» газетінің редакциясы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес мәслихаты депутаттығына кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын баспа басылымында орналастыру шарттары, төлем мөлшері мен тәртібі, сондай-ақ газет бетінен орын беру тәртібі туралы хабарлайды.
Баспа алаңы тең шарттармен беріледі. Үгіт материалдарын жариялау кезектілігі баспа алаңының күні мен көлемі және шарт жасасу көрсетіле отырып, редакцияға жазбаша өтініштердің келіп түсу тәртібімен белгіленеді. Газет алаңының 1 ш.см үшін 280 теңге есебінен баспа алаңын беру құнын төлеу жүргізілсін.
Барлық сайлау алдындағы баспа үгіт материалдарында олардың төлемі, қаржыландыру көздері, тапсырыс берген тұлға туралы ақпарат болуға тиіс.
Осы хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп бұзылған, сондай-ақ тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда материалдарды жариялау жүргізілмейді-бұзушылықтарды жою үшін тоқтатыла тұрады.
Ар-намысы мен қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болған жағдайда Редакция баспа материалдарын орналастырудан бас тартуға құқылы.
Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келмейтін үгіт материалдарының мәтіндері жарияланбайды
Газет редакциясы өтініштерді, мәтіндерді қабылдайды және демалыс күндерінен басқа жұмыс уақытында: Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Исаков көшесі, 68, тел. 8(71452) 2-13-52.