№ 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеу жөніндегі округтік сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 28 қазанда № 7 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидатты тіркеді:
Қабдөшев Наурызбек Тоқтарбекұлы, 1989 жылы туған, ұлты қазақ, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мұрағатының Айыртау аудандық филиалының директоры, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тұрады, «Әділет» партиясының мүшесі, «Әділет» партиясынан ұсынылған.
Округтік сайлау комиссиясы