Тергеу нәтижелері туралы ақпарат.
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Ауру жағдайына байланысты АХЖ-10 (K12.2) бойынша 2026 жылғы 15.09 күнгі № 5544 шұғыл хабарлама.
2.Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ.
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім беру): қатысқан жоқ.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 17.09. бастап, 2026 жылғы 17.10. дейін.
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: ЖШС DIDI DENTAL» стоматологиясы, Павлодар қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі 12-66.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тексеру барысында дезинфекциялық-стерильдеу режимінің бұзылғаны анықталды. Зертханалық бақылау нәтижелері бойынша хирургиялық кабинет ауасындағы санитариялық-микробиологиялық көрсеткіштердің шекті деңгейден асқаны анықталды (эпидермальды стафилококк анықталған — 10*5). K12.2 іріңді-септикалық инфекциясының тіс жұлғаннан кейінгі 2-тәулікте көрініс беру мерзімін ескере отырып, жағдай зертханалық жолмен расталған. Инфекция көзі анықталмаған, берілу факторлары — экзогендік.
7.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзған жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «DIDI DENTAL» ЖШС стоматологиясының жеке тұлғасы.
8.Қабылданған шаралар: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, айыппұл салынды, санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шығарылды.