2026 жыл Алмалы ауылдық округі 9 айлық есеп қортындысы
Алмалы округ бойынша халық саны 2044 тұрғын үй саны 369,отбасы саны 376, Экономикалық белсенді халық саны – 930 адам, оның ішінде жастар саны (16–29 жас аралығы) – 406 адам. Қазіргі таңда ауылдық округте 45 кәсіпкерлік субъектісі, 20 шаруа қожалығы және 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген. Сонымен қатар, 15-ке жуық жеңіл автокөлікпен халыққа тасымалдау қызметі көрсетіледі.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласы бойынша
2026 жылдың І тоқсан қорытындысымен экономикалық белсенді халық саны 930 адамды құрады. Оның ішінде жұмыспен қамтылғандар саны – 900 адам. Жалдамалы жұмысшылар саны – 530 адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 370, Жұмыссыздар саны- 30 адам.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 13 адам тартылып, жастар тәжірибесі бағдарламасы аясында 4 азамат жұмыспен қамтылды. Жұмыссыздық деңгейі 3,1 пайызды құрайды
Алмалы ауылдық округі бойынша 2026 жылға бөлінген қаражат 76 млн 064 мың 200 теңге бөлінген.9 айлықта бөлінген қаражат 57млн 327 мың 200 теңге бөлінген қаражат 100пайыз игерілді.Атап айтқанда Алмалы ауылдық округіндегі көше жарықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 950 мың теңге жұмсалды.
Көркейту және абаттандыру (столбаларды әктеу краскалеу ағаштарды әктеу аялдамаларды краскилеу)жұмыстарын жүргізді 650 мың теңге жұмсалды.
Алмалы ауылдық округі бойынша 2026 жылдың 9 айында түскен салық түсімдері
1. Мүлік,жер салығы бойынша
2026 жылға жоспарланған 290 мың теңге. 2026 жылдың ІII тоқсаны бойынша жоспарланған 217мың, қазіргі таңда орындалған мүлік салық- 270мың 100 теңге
2. Табыс салығы бойынша
2026 жылға жоспарланған 4 млн теңге. 2026 жылдың ІII тоқсаны бойынша жоспарланған 2 млн 990 мың,қазіргі таңда орындалған табыс салығы – 4млн 948 мың 672теңге
3.Көлік салығы бойынша
2026 жылға жоспарланған 3 млн теңге. 2026 жылдың ІII тоқсаны бойынша жоспарланған 2 млн 250 мың – қазіргі таңда орындалған 5 млн 095 мың 870 теңге
Кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар
2026 жылдың І тоқсаны бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру жұмыстары жүргізілуде.Ауыл тұрғыны Есхожаева Асылзат (ИП Асылзат)омарта шаруашылығына 5 млн теңге көлемінде несие алып, мал шаруашылығын дамытуға Мұратқызы Айгерім (ИП Мұратқызы Айгерім) 9 млн 830 мың теңге көлемінде қаржы алып, кәсіпкерлік жұмысын бастаған. Қоңыратбаева Гүлзайра (ИП Ағзам) СТО-ға 6 млн теңге көлеміндегі қаражатқа техникалық құрал-жабдықтар алып, қызмет көрсету саласын дамытуда.
2026 жылдың 1 шілде бойынша ірі қара мал саны – 2298 бас, қой-ешкі – 1023 бас, жылқы – 622 басты құрады, құс-310.
2026 жылыға күзгі әскерге орындалуға 7адам берген оның ішінен 5еуі әскерге аттанған.
1.Сайфурхан Әділет
2.Ерібаев Жомарт
3.Сейтжаппаров Ербақыт
4.Әбсаттар Нұрбек
5.Мадияров Ақылбек
Алдағы тұрған міндеттер:
- Алмалы ауылына жаңа клуб үйін салу;
- Кіре беріске құны 15 млн теңге тұратын Алмалы ауылы белгісі ретінде (арка) жұмыстарына қатысты жобалық – сметалық құжаттары аудандық экономика және қаржы бөліміне ұсынылды;
- Алмалы ауылдық округінде орналасқан М.Жұмабаев, Ы.Алтынсарин, №1,2,3,4,5 квартал, М.Мақатаев, Б.Майлин, М.Дулатов көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жасау (асфальт) төсеу.