2026 жылғы 13 ақпандағы № 1
Жергілікті қоғамдастық жиналысының
хаттамасымен бекітілген
ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
_____Надеждин ауылдық округінің__________________________
(аудандық маңызы бар қаланың,ауылдың,кенттің,ауылдық округтің атауы)
Қостанай облысы Қостанай ауданы
__________________
(аудан мен облыстың атауы)
2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
Әзірлеуші: «Қостанай ауданы
Надеждинка ауылдық округі
әкімінің аппараты» мемлекеттік
мекемесі
ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
|
Бағдарламаның атауы
|
Қостанай облысы Қостанай ауданы Надеждинка ауылдық округін 2026 жылға арналған дамыту бағдарламасы |
|
Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары
|
- Надеждинка ауылдық округінің құрылған кезеңі: 2005 жылғы 10 қаңтарда Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімдігінің № 16 қаулысы қабылданып, оның негізінде «Қостанай ауданы Надеждинка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылды; - халық саны: 1 567 адам, аула саны – 365; - ауылдық округ құрамына кіретін ауылдардың саны мен атауы: ауылдық округтің әкімшілік орталығы – - -Надеждинка ауылы. Округ құрамына Воскресеновка және Майалап ауылдары кіреді; ауылдық округтің аумағы – 46 776 гектар; -жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және өкілеттік мерзімі: 2023 жыл, өкілеттік мерзімі – 4 жыл; - жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің саны – 7 адам, срок полномочий на 4 года;
|
- АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
2.1. Надеждинка ауылдық округін дамыту
2026 жылға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Надеждинка ауылдық округінің ауыл тұрғындары мен оған жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша халық саны 1 567 адамды құрайды.
Ауылдық округте 7 жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС), 38 шаруа қожалығы және 6 жеке кәсіпкер тіркелген.
Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы шаруа қожалықтарының негізгі қызмет түрлері болып табылады.
Бағдарлама экономикалық және коммуналдық қызметтер көрсету, жұмыссыздық деңгейін төмендету, жаңа жұмыс орындарын ашу және басқа да мәселелерді қамтиды.
Кәсіпкерлік
Надеждинка ауылында шағын кәсіпкерліктің 5 субъектісі, Воскресеновка ауылында шағын кәсіпкерліктің 1 субъектісі тіркелген. Негізгі қызмет түрі – сауда-сатып алу қызметі.
Сумен жабдықтау
Округ халқы 100% көлемінде сапалы құдық суымен, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен және жеке аулалардағы ұңғымалардан алынатын сумен қамтамасыз етілген.
Газдандыру
Ауылдық округ газдандырылмаған.
Әлеуметтік сала
Білім беру
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай ауданының білім бөлімінің «Надеждинка жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 129 оқушы білім алады. Сынып-жиынтықтар саны – 14, оның ішінде мемлекеттік тілде оқытатын сыныптар саны – 10. Шағын орталықта 19 тәрбиеленуші бар, олардың барлығы қазақ тілінде тәрбиеленеді. Ыстық тамақпен қамту көрсеткіші – 100%.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай ауданының білім бөлімінің «Воскресеновка негізгі орта мектебі» КММ-де 55 оқушы білім алады. Сынып-жиынтықтар саны – 9. Мемлекеттік тілде оқытатын сыныптар саны – 0. Шағын орталықта 20 тәрбиеленуші бар. Ыстық тамақпен қамту көрсеткіші – 100%.
Денсаулық сақтау
Медициналық қызмет көрсету округтің әлеуметтік өміріндегі маңызды салалардың бірі болып табылады. Округте 1 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) және 1 медициналық пункт жұмыс істейді. Медициналық пункттер фельдшерлермен және мейіргерлермен жасақталған. Округте жедел медициналық жәрдем көлігі бар.
Мәдениет
Надеждинка ауылдық округінде 4 кітапхана жұмыс істейді. Кітап қоры 32 897 дананы құрайды. Кітапханаларда атаулы және мерейтойлық күндерге арналған кітап көрмелері мен тақырыптық сөрелер тұрақты түрде ұйымдастырылады.
Спорт
Округте футбол, баскетбол, волейбол, бокс және тоғызқұмалақ бойынша спорт секциялары жұмыс істейді. Мектептер жанындағы спорт алаңдары, стадион және балалар спорт алаңы бар.
2.2. Проблемалық мәселелер мен тәуекелдер
Краткое описание проблем и рисков (рекомендуется в разрезе отраслей), которые могут касаться следующих вопросов:
- Салалар бөлінісінде негізгі проблемалар мен тәуекелдерге мыналар жатады:
- Надеждинка және Воскресеновка ауылдарын газдандыру;
- Надеждинка және Воскресеновка ауылдарын абаттандыру және көгалдандыру;
- елді мекендердің санитариялық жағдайын қамтамасыз ету, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және басқа да санитариялық мәселелерді шешу;
- Воскресеновка ауылының ауылішілік жолдарын асфальттау;
- Надеждинка ауылынан Воскресеновка ауылына дейінгі кіреберіс жолдың 18 шақырымдық учаскесін жөндеу.
БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ
|
№ |
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Қаржыландыру көлемі (мың теңге) |
Қаржыландыру көзі |
Іске асыру мерзімі |
|
1 |
I. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ |
||||
|
1.1 |
Надеждинка ауылындағы спорт кешеніне ағымдағы жөндеу жүргізу |
Надеждинка ауылындағы спорт кешеніне ағымдағы жөндеу жүргізу |
29 999,9 мың теңге |
Аудандық бюджет |
2026 жылғы маусым |
Ескерту : Жоғарыда көрсетілген іс – шараларды іске асыруға жауапты орган - « Қостанай ауданы Надеждин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ