Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 247 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 23 маусымда № 39043 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық Тізбенің 1,2,2 және 4-тармақтарының екінші, төртінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |