Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат 02.07.2026 ж. – 30.07.2026 ж.

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізуге негіз:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабына, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-3-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы №46 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау сатып алу қағидаларына» сәйкес, 2026 жылғы маусым айында жүргізілген бақылау сатып алу нәтижелері және 2026 жылғы 23 маусымдағы №2260001067913374, №2260001067913379, №2260001067913382 полимерлі және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамалары негізінде PRO Beat жейдесі, әйелдерге арналған «Кофейные B3A7S-NBH7» шалбары, негізгі спорттық шұлықтар (2 жұп) өнімдерінде таңбалану бойынша сәйкессіздік анықталды.

 

  1. Тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органы:

Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

 

  1. Тартылған сарапшылар (деректерін пайдалануға келісімі):

Сарапшылар тартылған жоқ.

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:

2026 жылғы 02 шілде – 2026 жылғы 30 шілде.

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлға:

«Бисалиева А.» жеке кәсіпкері, ЖСН 770802402001.

 

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу себептері мен сипаты:

 Тергеп тексеру барысында «Бисалиева А.» жеке кәсіпкері өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ жеткізушінің жүкқұжаттарын тексеріске ұсынбады.

  1. Нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуына жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:

«Бисалиева А.» жеке кәсіпкері, ЖСН 770802402001.

 

  1. Қабылданған шаралар:

2026 жылғы 30 шілдедегі №56 Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулысы шығарылып, техникалық регламенттердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымнан алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы шешім қабылданды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/documents/details/1051016?lang=kk