- Мемлекеттік әзірлеуші органның атауы.
«Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
- Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің,Президент Әкiмшiлiгi, Үкiмет және Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтемемен нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау үшін негіздемелержәне/немесе оны қабылдауқажеттiлiгiнiңбасқа да негiздемелері.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 "Автомобиль көлiгiмен мүгедектердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген)
- Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі түсіндірме жазбаға міндетті түрде қоса беріледі).
Барлық қаржылық шығындар ҚР Бюджет кодексінің нормаларына сәйкес 2026 жылға арналған қалалық бюджетте көзделген
- Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайды болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасы ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.
Инватакси қызметтерін алушылар үшін инклюзивтілік пен әлеуметтендіруді дамыту
- Нақты мақсаттар менкүтілетін нәтижелердің мерзімдері.
Инватакси қызметтері мүгедектігі бар балалар мен ересектерге қоғамның толыққанды мүшесі болуға, әлеуметтену үшін қажетті әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне баруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде олардың денсаулығы мен білім деңгейін нығайтуға ықпал ететін қосымша қызметтерді алу мүмкіндіктерін аша отырып, олардың өмір сүру деңгейін арттырады.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасында қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер.
Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімдігінің 2026 жылғы 3 ақпандағы № 5/4 «Инватакси қызметін алушылар үшін тізбе мен көрсеткіштерді кеңейту туралы» қаулысы
- Енгізілетін нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіктің болмауы;
Қажет емес
- Нормативтік құқықтық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт көлемі).
Қаулы жобасы egov.kz ашық нормативтік құқықтық актілер порталында орналастырылған.
- Әлеуметтікмаңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына баспасөз релизінің уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылған туралы ақпарат.
Қаулы жобасы мекеменің интернет-ресурсында орналастырылған.
- Нормативтік құқықтық акт жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.
Нормативтік құқықтық жоба Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдарды ңшешімдеріне қайшы келмейді.
- Нормативтік құқықтық актінің жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелері.
Бұл жоба кәсіпкерлік субъектілерінің қосымша шығындарын көздемейді.