"Таза Қазақстан" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ауылдық округте тұрақты негізде аумақты санитарлық тазарту және абаттандыру бойынша іс-шаралар өткізіледі. Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында көшелерді, қоғамдық аумақтарды және автомобиль жолдарының жиектерін қоқыстан тазарту, іргелес аумақтар мен жалпы пайдаланылатын орындарды тазалау, сондай-ақ жиналған қалдықтарды шығару жүзеге асырылады. Әлеуметтік нысандардың, балалар алаңдары мен азаматтардың жаппай болатын орындарының жанындағы аумақтарды ұстауға ерекше көңіл бөлінеді.
«Таза Қазақстан»
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-kokalazhar/documents/details/1091234?lang=kk