ЕРЕЖЕ

               Ақмола облыстық

мәслихатының 

2026 жылғы 28 қыркүйектегі

№ 8С-33-13 шешіміне

қосымша

 

Ақмола облыстық мәслихатының

2023 жылғы  16 қаңтардағы

№ 7С-25-5 шешімімен

бекітілген

 

 

«Ақмола облыстық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мәслихат аппараты) Ақмола облыстық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн орындауға көмек көрсететін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
  3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. Мәслихат аппараты – мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі, мемлекеттік және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртаңбалары мен белгіленген үлгідегі бланкілері болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары ашылады.
  5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. Егер заңнамаға сәйкес тиісті өкілеттік берілген болса, мәслихат аппараты мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық мәслихат төрағасының (бұдан әрі – мәслихат төрағасы) өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, № 83-үй.
  10. Осы Ереже Мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
  11. Мәслихат аппараты қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. Мәслихат аппаратына Мәслихат аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Мәслихат аппаратына заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына сәйкес жұмыс берушінің актісімен айқындалады.

 

2-тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері мен өкілеттіктері

 

  1. Міндеттері:

1) Ақмола облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету;

2) облыстық мәслихат пен оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыру, депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға көмек көрсету.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасау және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;

         мәслихат отырыстарына, комиссияларға, жұмыс топтарына, мәслихат органдары өткізетін іс-шараларға қатысу;

өз құзыреті шегінде мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.   

2) міндеттері:

мәслихат депутаттарының қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру;

          мәслихат аппаратының жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат жазысу;

мәслихат қарайтын құжаттарды дайындауға қатысуға мүдделі органдар мен ұйымдарды тарту;

Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.  

  1. Функциялары:

мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;

мәслихаттың, оның органдарының және мәслихат депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;

мәслихаттың қарауына түскен шешімдердің жобалары бойынша жұмыс;

мәслихат депутаттарының заңнамада белгіленген құзыреттерді іске асыруына көмек көрсету;

мәслихат қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

мәслихаттың басқа органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

мәслихат қызметін ақпараттық-коммуникативтік қамтамасыз ету;

мәслихат қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету;

мәслихаттың кадр мәселелерін шешуді қамтамасыз ету;

мәслихат қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функциялар.

        

 

         3-тарау. Мәслихат аппараты басшысының мәртебелері, өкілеттіктері

 

  1. Мәслихат аппаратын қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратының басшысы басқарады.
  2. Мәслихат аппаратының басшысы:

1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;

2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;

         3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аппарат қызметкерлерін қызметке қабылдайды және қызметтен босатады;

         4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;

7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;

8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;

10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;

11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;

         12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

4-тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі

 

  1. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

         Мәслихат аппаратының мүлкі меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен сатып алынған мүліктің (оның ішінде ақшалай кірістердің) есебінен қалыптастырылады.    

  1. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

 

5-тарау. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/documents/details/1091146?lang=kk