Зайсан ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

Зайсан ауданының әкімдігі

2026 жылғы 19 қазандағы

№ 615

қаулыға қосымша

Зайсан ауданы әкімдігінің

2022 жылғы 28 шілдедегі

№438 қаулысымен бекітілген

 

 

 

Зайсан ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары

 

         1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Зайсан ауданының елді мекендерінебірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұрғын үйқатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-3-бабы 2-пунктінің 11)тармақшасына сәйкесәзірленді және Зайсан ауданының елді мекендерінебірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін айқындайды.
  2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

         1) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақорындарынан, қоймаларданжәне дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардыңменшік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

         2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден,тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифттер, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);

         3) кондоминиум объектісініңортақ мүлкін ағымдағы жөндеу – мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

         4) кондоминиумобъектісінің ортақ мүлкінкүрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдіңресурсынқалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;

         5) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат;

         6) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;

         7)реконструкциялау – әдетте,өзгеретін объектіні жаңарту және жаңғырту қажеттілігіне байланысты жекелеген үй-жайларды, ғимараттың өзге де бөліктерін немесе тұтастай ғимаратты өзгерту.

 

         2-тарау. Зайсан ауданының елді мекендерінебірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлітұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырынреконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі    

         3.«Зайсанауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі берілген сараптамалық қорытынды негізінде Зайсан ауданының елді мекендерінебірыңғайсәулеттік келбетберуүшін көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындайды.

  1. 4. Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесі айқындалғаннан кейін «Зайсан ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Зайсан ауданының елдімекендерінебірыңғай сәулеттік келбетін әзірлеуді және бекітуді қамтамасыз етеді.

         5.«Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігіжәне автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі іс-шараларды ұйымдастырады:

         1) көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының (олар болған жағдайда) меншік иелерін әкімдіктің ресми интернет-ресурсында Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беру жобасымен таныстыру;

         2) көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлеріментұрғынемес үй-жайларының (олар болған жағдайда) меншік иелерін жоспарланатын жұмыстар және оларды өткізудің болжамды мерзімдері туралы ақпараттандыру;

         3) көппәтерлітұрғын үйдіңсыртқы қабырғаларына, шатырына жөндеу жұмыстарының жүргізілуінекелісу немесекеліспеутуралы шешім қабылдау үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың (олар болған жағдайда) меншік иелерінің жиналысын ұйымдастыру және өткізу.

  1. Егер жиналысқа пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, жиналыс шешім қабылдайды. Шешім меншік иелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады.
  2. Жиналыста теріс шешім қабылданған жағдайда көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, жөндеу жөніндегі бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған жұмыстар жүргізілмейді.
  3. Жиналыстың оң шешімі қабылданған жағдайда, «Зайсан ауданының тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушыкөлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіқұрылыс нормаларының талаптарына сәйкес жұмыс көлемі мен түрін (реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу) айқындау және олардың физикалық тозу дәрежесін белгілеу үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларының, шатырларының техникалық жай-күйін тексеруді ұйымдастырады.
  4. Жұмыс көлемін және түрін (реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу) айқындау үшін әрбір көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларының, шатырларының техникалықжай-күйінтексеру жөніндегі ұйымды таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасынасәйкес жүзегеасырылады.
  5. Көппәтерлітұрғынүйдің сыртқықабырғаларының, шатырларының техникалық жай-күйін тексеру қорытындысы бойынша «Зайсанауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ағымдағы жөндеудің сметалық есебін әзірлеу немесе бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, сыртқы қабырғаларды, шатырларды реконструкциялау күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстарын ұйымдастырады, кейіннен жергілікті бюджет қаражаты есебінен сараптама қорытындысын алады.
  6. Сараптаманың оң қорытындысыналғаннанкейінжәне ағымдағы жөндеудің сметалық құны немесе көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, күрделі жөндеудің жобалау-сметалыққұжаттамасы бекітілгеннен кейін «Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес бюджеттік өтінім жасайды.
  7. Зайсан ауданының елді мекендерінебірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды сатып алуды «Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес жүзегеасырады.
  8. Зайсан ауданының елді мекендерінебірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды қабылдауды техникалық қадағалаудыжүзеге асыратын тұлғалардытарта отырып «Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
  9. Зайсан ауданының елді мекендерінебірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу бойынша іс-шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 20.10.2026

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 40206 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Аппарат акима Восточно-Казахстанской области - руководитель отдела Гулмира Закеновна Закенова, 02.10.2026 17:10:12, положительный результат проверки ЭЦП

Министерство юстиции РК - Вице-министр юстиции Республики Казахстан Ботагоз Шаймардановна Жакселекова, 05.10.2026 16:07:02, положительный результат проверки ЭЦП

Результаты подписания

"Зайсан ауданы әкімінің аппараты" ММ - Зайсан ауданының әкімдігі А. Ахметсалимкызы, 19.10.2026 15:11:13, положительный результат проверки ЭЦП

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-zaysan/documents/details/1091100?lang=kk