Қарқаралы ауданы Балқантау ауылдық округінің тұрғындарының назарына!
Сіздерді, 2026 жылғы 8 қарашада таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Балқантау ауылдық округінің әкімін сайлауында дауыс беруге қатысуға шақырамыз.
Тұрғылықты тіркелген жеріңіз бойынша дауыс беруге болады:
Балқантау сайлау округі
№ 483 Балқантау сайлау учаскесі:
орталығы: Қарабұлақ ауылы, Қарабұлақ ауылының клубы, Қазақстан көшесі, 7 үй;
№ 484 Айнабұлақ сайлау учаскесі:
орталығы: Айнабұлақ ауылы, Қарағанды облысы білім басқармасының Қарқаралы ауданының білім бөлімінің "Айнабұлақ ауылының № 38 негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Айнабұлақ көшесі, 31 үй;
№ 494 Қаракөл сайлау учаскесі:
орталығы: Қаракөл ауылы, Қаракөл ауылының клубы, Тың 25 жылдығы көшесі, 11 үй;
Өздеріңізбен жеке куәліктеріңіз болуы қажеттігін естеріңізге саламыз!