Тергеп-тексеру нәтижелері туралы ақпарат 02.07.2026 ж. – 30.07.2026 ж.

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізуге негіз:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабына, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-3-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы №46 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау сатып алу қағидаларына» сәйкес, 2026 жылғы маусым айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу  нәтижесі туралы 30.06.2026 жылғы  № 40 актісі,  2026 жылғы 23 маусымдағы № 2260001067928973, 2260001067928991, 2260001067929010, 2260001067929040, 2260001067929057, 2260001067929083, 2260001067929154, 2260001067929210, 2260001067929232, 2260001067929498, 2260001067929517, 2260001067929729, 2260001067929699, 2260001067930111, 2260001067930139, 2260001067930167, 2260001067930187, 2260001067930241, 2260001067930273, 2260001067930306 және 2026 жылғы 24 маусымдағы №2260001067929185 полимерлі және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамалары негізінде Vinconte шұлықтары, Elitex ерлер жейдесі, Elitex ерлер футболкасы, Milana пижамасы (қосарланған), Mizz Kizz белдемшесі, S.K.P. Exclusive жамылғысы, FuleShuya іш киімі, Orfeo Negro зығыр жамылғысы, «Лейла» кюлоты, Millana қосарланған киімі, Xin Ya көйлегі, тюрбан, кофта, Milana халаты, Milana пенюары, Beisdanna бюстгальтері, «Я Анфиса» жейдесі, Beisdanna емізулі аналарға арналған бюстгальтері, «Я Анфиса» джинс белдемшесі, AIYMA шалбары және Korea Skims жейдесі өнімдерінде таңбалану бойынша сәйкессіздік анықталды.

  1. Тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органы:

Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

  1. Тартылған сарапшылар (деректерін пайдалануға келісімі):

Сарапшылар тартылған жоқ.

  1. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:

2026 жылғы 02 шілде – 2026 жылғы 30 шілде.

  1. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлға:

«Амангелді» жеке кәсіпкері, ЖСН 890504402373.

 

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу себептері мен сипаты:

   Тергеп тексеру барысында «Амангелді» жеке кәсіпкері өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ жеткізушінің жүкқұжаттарын тексеріске ұсынбады.

  1. Нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуына жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:

«Амангелді» жеке кәсіпкері, ЖСН 890504402373.

  1. Қабылданған шаралар:

2026 жылғы 30 шілдедегі № 55 Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулысы шығарылып, техникалық регламенттердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымнан алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы шешім қабылданды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/documents/details/1051013?lang=kk