Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жобалары

 

 

№

 

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жоспарланған тақырыбы

 

Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың  теңге)

 

 

Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме

 

Халықтың нысаналы тобы

 

Күтілетін нәтиже

11

Инватакси қызметін

80000000

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік нысандарға, медициналық мекемелерге, мемлекеттік органдарға және басқа да қажетті орындарға тасымалдау қызметін ұйымдастыру. Қызмет алушылардың өтінімдері негізінде тасымалдауды қамтамасыз ету

I және II топтағы қозғалысы қиын мүгедектігі бар адамдар, оның ішінде арба пайдаланатын азаматтар және арнайы қортындысы бар мүгедектер

Мүгедектігі бар азаматтардың жүріп-тұру мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік және қоғамдық өмірге қатысуына жағдай жасау, қажетті қызметтерге қолжетімділігін арттыру

2

Бақытты балалық шақ – жарқын болашақ

900 000

Аққыстау ауылындағы орталық алаңда немесе Ардагерлер саябағында арнайы шақырылған аниматорлар мен ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен ауқымды мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастыру. Бағдарламада: флешмоб, балалардың бетіне сурет салу (аквагрим) «Менің арманым» шығармашылық байқауы: Мүгедектігі бар балалар арасында сурет салудан немесе қолөнерден ашық байқау өткізіп, барлық қатысушыларды ынталандыру сыйлықтарымен марапаттау

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алатын отбасылардың балалары;

Аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар;

Мүгедектігі бар балалар (оның ішінде үйде оқитын балалар)

 

Исатай ауданындағы әлеуметтік осал топтағы 300-ден астам бала тікелей мерекелік шаралармен және нақты материалдық-моральдық қолдаумен қамтылады.

Балалардың бойында шығармашылық қабілеттері ашылып, олардың қоғамға бейімделуіне оң ықпал етіледі.

Мемлекеттік тапсырысты орындаушы үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті

кәсіпкерлер және мемлекеттік органдар (әкімдік бөлімдері) арасындағы әлеуметтік серіктестік нығаяды.

Ата-аналар мен қоғамның назары балалардың құқықтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасау мәселелеріне кеңінен аударылады.

3

Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған іс-шара ұйымдастыру

1000000

Әлеуметтік қызметкерлер күніне орай салтанатты іс-шара өткізу, әлеуметтік сала қызметкерлерінің еңбегін дәріптеу, үздік қызметкерлерді марапаттау және олардың кәсіби тәжірибесімен алмасуына жағдай жасау

Әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік сала мамандары, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдардың қызметкерлері

Әлеуметтік қызметкерлердің қоғамдағы мәртебесін арттыру, олардың еңбегін бағалау, кәсіби ынталандыру және әлеуметтік саладағы қызмет сапасын жақсартуға ықпал ету

4

Қарттар күніне арналған іс-шара ұйымдастыру

700000

Қарттар күніне орай мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру, ардагерлер мен жалғызбасты қарттарға құрмет көрсету, кездесулер өткізу, әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көңіл бөлу

Зейнеткерлер, еңбек ардагерлері, жалғызбасты қарттар және әлеуметтік қолдауды қажет ететін егде жастағы азаматтар

Қарт адамдарға құрмет көрсету дәстүрін нығайту, олардың қоғамдағы белсенділігін арттыру, әлеуметтік қолдау көрсету және ұрпақтар сабақтастығын дамыту

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-isatai/documents/details/1090937?lang=kk