№ 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу жөніндегі округтік сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, № 12 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:
2026 жылғы 27 қазанда:
Заикин Сергей Васильевич, 1996 жылы туған, ұлты украин, Айыртау ауданының Қосымша білім беру орталығының би ұжымының жетекшісі, Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тұрады, партияға қатысы көрсетілмеген, өзін-өзі ұсынған;
Назаров Роман Владимирович, 1984 жылы туған, ұлты неміс, «Көкшетау» МҰТП Айыртау ауданы Шалқар бөлімшесінің механигі, Айыртау ауданы Имантау ауылында тұрады, партияға қатысы көрсетілмеген, өзін-өзі ұсынған.
Округтік сайлау комиссиясы