Үгіт материалдарын орналастыру үшін газет алаңының бір шаршы сантиметрінің құны 350 (үш жүз елу) теңгені құрайды; сайлау комиссияларының ақпараттық материалдарын орналастыру үшін - 500 (бес жүз) теңге мөлшерінде.
Жеке тұлғалардың үгіт материалдарын, саяси партиялардың материалдарын және сайлау комиссияларының материалдарын орналастыру үшін бір посттың құны - 1 пост үшін 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде.
Төлем нысаны: қолма-қол ақшасыз есеп айырысу.
Материалдарды ұсыну шарттары мен орналастыру тәртібі: ақпараттық қызметтер көрсетуге және ақы төлеуге шарт жасасқаннан кейін материалдарды редакция сәрсенбіден кешіктірмей (ұсыну тәсілдері - уәкілетті тұлғаның қолы қойылған қағаз тасығышта және электрондық түрде (DVD-RW, CD-RW, флэш-жинақтағыш және т. б.) газеттің кезекті дайындалып жатқан нөміріне жариялауға қабылдайды.
Ақпараттық және үгіт материалдарын орналастыру мәселелері бойынша 140400, Павлодар облысы, Железинка ауылы, Әуезов көшесі, 10 мекенжайына хабарласқан жөн. Телефон: 8 (718-31) 22033. E-mail: rp-press@mail.ru
Директор А. Ханенко