Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (28.09.2026ж-16.10.2026ж)

Халықтың санитариялық- эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы тергеп-тексеру жүргізу

қағидаларына 7-қосымша

 

 

Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат

 

1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: Шұғыл хабарлама 24.09.2026ж. «Инфильтративный туберкулез легких МТ+ ЛЧТБ, жана жағдай».  

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізетін бақылау  және  қадағалау  органы: «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігі Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті Атырау облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау Департаменті Атырау қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау Басқармасы» РММ

 

  1. Тартылған сарапшылар (деректерді  пайдалануға  келісім):  Тартылған жоқ.

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 28.09.2026 жылдан бастап 16.10.2026 жылға дейін.

 

  1. Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды: Атырау қаласы, Боран Нысанбаев, 1Б  көшесі мекен жайында орналасқан «Дамба медициналық санитариялық алғашқы көмек орталығы»

 

  1. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Науқасқа қатысты ЖТД дәрігері тарапынан туберкулезге күдіктену болғанменен флюорографиялық тексеріске өтуін қадағаламаған, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы ҚР ДСМ-214/2020 «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 2-тарауының 3-параграф «Туберкулезді ерте анықтау» 68, 69 тармақ, 2 тармақшасы бұзушылықтар болып табылады. ЖТД дәрігері науқастың флюоротексерістен уақтылы өтуін бақыламаған, өткендігі жөнінде дәрігер жазбасы жоқ. Науқас жыл сайынғы міндетті флюорографиялық зерттеп-қарауға жаттатын ауру қаупі жоғары тізбесіне кіреді, бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы  ҚР ДСМ-214/2020 «Туберкулез профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту» бұйрығының 3-параграф 80-ші тармағының 2-тармақшасын бұзушылық болып табылады.
  2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын бұзуға жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: Заңды тұлға «Дамба медициналық санитариялық алғашқы көмек орталығы».
  3. Қабылданған шаралар: Заңды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен әкімшілік шара қолданылды.

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/documents/details/1090536?lang=kk