ЖОБА
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы
Қазақстан Республикасының салық кодексінің 726-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша
4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға (шығыстарды есепке алмағанда) дейін төмендетілсін. - Осы шешім 2027 жылғы 01 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Ақжар аудандық
мәслихатының төрағасы М. Жүсіпбеков