Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 308/39 «Екібастұз қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 78-тармағына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 308/39 «Екібастұз қаласын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары туралы» шешіміне Екібастұз қалалық мәслихатының 2026 жылғы              2 сәуірдегі № 321/41, 2026 жылғы 26 маусымдағы № 344/46, 2026 жылғы                   5 тамыздағы № 358/48, 2026 жылғы 27 тамыздағы  № 365/49 келесі өзгеріс енгізілсін:

Қаланы дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

    Екібастұз қалалық

мәслихатының төрағасы                                                               Н. Макраев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1090424?lang=kk