Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 17 желтоқсандағы «2026 - 2028 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы» № 296/38 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Екібастұз  қалалық  мәслихатының  2025  жылғы 17 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті туралы» № 296/38 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 219269 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Екібастұз қалалық бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:   

1) кірістер                                                         -            88 128 426 мың теңге;

соның ішінде:

салықтық түсімдер                                          -            64 542 998 мың теңге;

салықтық емес түсімдер                                -             222 088 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер -            2 493 884 мың теңге;

арнаулы түсімдер                                            -             нөлге тең,

трансферттер түсімдері                                  -            20 869 456 мың теңге;

2) шығындар                                                   -            88 515 250 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу                          -           7 861 917 мың теңге;

соның ішінде:

бюджеттік кредиттер                                      -             8 013 357 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу                          -              151 440 мың теңге;

  • қаржы активтерімен операциялар

бойынша сальдо                                              -             нөлге тең,

соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу                    -             нөлге тең;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті)             -             -8 248 741 мың теңге;

 

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) -                              

8 248 741 мың теңге.»;

2) көрсетілген шешімнің 9-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«9. 2026 жылға арналған Екібастұз қалалық бюджетінде ауылдардың, поселкелердің және ауылдық округтердің бюджеттіне берілетін жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер келесі өлшемдерде қарастырылды:

285 601 мың теңге – Бәйет ауылдық округінің Атығай ауылында, Қоянды ауылдық округі Қоянды ауылында және Солнечный поселкесінің автомобиль жолдарына күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге;

313 549 мың теңге – Ақкөл ауылдық округі, Бәйет ауылдық округі, Теміржол ауылдық округі, Қоянды ауылдық округі, академик Әлкей Марғұлан атындағы ауылы, Сарықамыс ауылдық округі, Төрт-Құдық ауылдық округі, Шиқылдақ ауылы, Екібастұз ауылдық округі, Солнечный поселкесі және Шідерті поселкесінде ауылдық елді мекендерді абаттандыруға;

69 520 мың теңге – Екібастұз ауылдық округінің Тай ауылында, Солнечный поселкесінде балалар ойын алаңын орналастыруға;

97 639 мың теңге – Қоянды ауылдық округі Бесқауға ауылының кіре беріс жолына күрделі жөндеуге;

9 263 мың теңге – Солнечный поселкесі және Шідерті поселкесінде елді мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге;

3 800 мың теңге – Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылында және Шиқылдақ ауылындағы әкім аппараты ғимараттарына күрделі жөндеуге ЖСҚ әзірлеуге;

6 500 мың теңге – Солнечный поселкесіне сегізбұрышты сатып алуға;5 411 мың теңге – Сарықамыс ауылдық округінің ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтауға.»;

3) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. 2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

    Екібастұз қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                Н. Макраев

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1090423?lang=kk