Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 108/13 «Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының және Екібастұз қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі                          басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы негізінде                                             Екібастұз қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 108/13 «Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясының және Екібастұз қаласының учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы» шешіміне Екібастұз қалалық мәслихатының                       2024 жылғы 4 маусымдағы № 161/20, 2024 жылғы 14 тамыздағы № 168/20, 2025 жылғы 26 ақпандағы № 226/28, 2025 жылғы 15 мамырдағы № 248/30, 2025 жылғы 25 тамыздағы № 262/32, 2026 жылғы 13 ақпандағы № 313/40,  2026 жылғы 4 маусымдағы № 340/45 шешімдерімен енгізілген өзгерістермен келесі өзгеріс енгізілсін:

          1) көрсетілген шешімге 2-қосымша жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешім Екібастұз қалалық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

     Екібастұз қалалық

мәслихатының төрағасы                                                                  Н. Макраев

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1090422?lang=kk