Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 239/29 «Екібастұз қаласының аумағында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 239/29 «Екібастұз қаласының аумағында халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі қалалық комиссия құру туралы» 2025 жылғы 24 қыркүйектегі                                                    269/33 шешімдерімен енгізілген өзгерістермен, келесі өзгерістер енгізілсін:

1) Комиссия құрамына:

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы Екібастұз қаласы филиалының директоры Талгат Канатович Жумабаев (келісім бойынша) Комиссия мүшесі;

«Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Екібастұз қаласының Мансап орталығы» филиалының директоры Арай Канатовна Абжанова (келісім бойынша) Комиссия хатшысы болып енгізілсін;

2) Комиссия құрамынан М.М. Мусанап, А.С. Дюсенгулова шығарылсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 Екібастұз қалалық

 мәслихатының төрағасы                                                                   Н. Макраев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1090412?lang=kk