Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 ақпандағы № 230/28 «Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы» шешімінің күші жойылсын.
  3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 қыркүйектегі              № 268/33 «Екібастұз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 26 ақпандағы    № 230/28 «Екібастұз қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің күші жойылсын.

 

 

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

      Екібастұз қалалық

 мәслихатының төрағасы                                                                 Н. Макраев

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1090410?lang=kk