«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және кейбір мемлекеттік органдардағы кадрлық өзгерістерге байланысты Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 211/25 «Екібастұз қаласы терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы» 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 242/29 шешімдерімен енгізілген өзгерістермен, келесі өзгерістер енгізілсін:
1) Комиссия құрамына:
Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Гульжан Шаяхметовна Зарлыкова Комиссия хатшысы;
«Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы Даурен Аскарович Кажкаримов Комиссия мүшесі;
Павлодар облысы білім беру басқармасының «Екібастұз қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Лаура Амановна Дисюпова Комиссия мүшесі болып енгізілсін;
2) Комиссия құрамынан Ж.Б. Туребеков, А.К. Кусаинов, М.А. Ренов шығарылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының азаматтар мен шағын және орта бизнес өкілдерінің құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Екібастұз қалалық
мәслихатының төрағасы Н. Макраев