БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілді
Қызылорда облысында қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары жаңартылып, облыстық мәслихаттың шешімімен бекітілді.
Қағидалар «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы № 282 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жаңа шешіммен Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітіліп, осыған дейін қолданыста болған облыстық мәслихаттың 2024 жылғы 24 шілдедегі № 112 шешімінің күші жойылды деп танылды.
Шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.