Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 210/25 «Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесті бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес                           Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 210/25 «Екібастұз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңесті бекіту туралы» келесі өзгерістер енгізілсін:

1) Кеңес құрамына:

Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы Зарлыкова Гульжан Шаяхметовна Кеңес мүшесі;

«Еуразиаттық энергетикалық корпорация» акционерлік қоғамының  филиалы ‒ «Восточный» кеніші жұмыс істейтін жастарының «Жастар Лигасы» басшысы Ольга Николаевна Кенжаева Кеңес мүшесі;

Ауыл жастары кеңесінің төрағасы Самал Ермухановна Мухаммеджанова Кеңес мүшесі болып енгізілсін;

2) Кеңес құрамынан Ж.Б. Туребеков, А.С. Аргынов, С.С. Кульзибекова шығарылсын.

3) Арай Канатовна Абжанованың лауазымындағы «Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Екібастұз қаласының мансап орталығы» филиалы директорының міндетін атқарушы» сөздері «Павлодар облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Екібастұз қаласының мансап орталығы» филиалының директоры»  сөздеріне ауыстырылсын.

 

 

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

    Екібастұз қалалық

мәслихатының төрагасы                                                                    Н. Макраев

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-pavlodar-ekibastuz/documents/details/1090374?lang=kk