"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына, 33-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудандық мәслихаттар депутаттығына кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мынадай мөлшері белгіленсін:
1) бағдарламамен теледидар, радио арқылы сөз сөйлеу және мерзімді баспа немесе желілік басылымдарда 2 мақала жариялау – 290 000 (екі жүз тоқсан мың) теңге;
2) сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу және үгіт материалдарын шығару - 130 000 (жүз отыз мың) теңге;
3) көлік шығыстары - 80 000 (сексен мың) теңге.
Осы қаулы Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссияларына жіберілсін.
Астананың, облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың сайлау комиссиялары осы қаулыны аумақтық және округтік сайлау комиссияларының, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандар мәслихаттарының депутаттығына тіркелген кандидаттардың назарына жеткізсін.
Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
Төраға
Н. Әбдіров
Хатшы
Ш. Өтемісов