Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 332 "2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 417 шешімі

Қаражал қалалық мәслихатының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 332 "2026–2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ұлытау облысы Қаражал қалалық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 417 шешімі

      Қаражал қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қаражал қалалық мәслихатының "2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы" 2025 жылғы 25 желтоқсандағы № 332 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 220603 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

       1) 1- тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

       "1. 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3- қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

      1) кірістер – 15 651 823 мың теңге, оның ішінде:

      салықтық түсімдер – 6 571 596 мың теңге;

      салықтық емес түсімдер – 43 879 мың теңге;

      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 20 681 мың теңге;

      трансферттер түсімдері – 9 015 667 мың теңге;

      2) шығындар – 15 150 332 мың теңге;

      3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

      бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

      бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

      4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

      қаржылық активтерді сатып алу – 0 теңге;

      мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

      5) бюджет тапшылығы (профициті) – 501 491 мың теңге;

      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – - 501 491 мың теңге:

      қарыздар түсімі – 1 072 771 теңге;

      қарыздарды өтеу – 2 343 715 мың теңге;

      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 769 453 мың теңге.";

       2) көрсетілген шешімге 1, 4, 5 қосымшалар осы шешімге 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың төрағасы

З.Оспанова



Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karazhal/documents/details/1090314?lang=kk