Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Екібастұз қалалық мәслихатының «Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» 2024 жылғы 6 ақпандағы № 118/15 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7474-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабы 5-тармағына сәйкес, Екібастұз қалалық мәлихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында бекітілген, Екібастұз қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидалары осы шешімінің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- «Екібастұз қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді Екібастұз қалалық мәслихатының интернет-ресурсында оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Екібастұз қалалық мәслихатының төрағасы |
|
Н. Макраев |