Тергеп-тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпарат
- Тергеп-тексеру жүргізуге негіз:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 43-бабына, Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 144-3-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 25 маусымдағы №46 бұйрығымен бекітілген «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы бақылау сатып алу қағидаларына» сәйкес, 2026 жылғы маусым айында жүргізілген бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижесі туралы 24.06.2026 жылғы № 37 актісі, 2026 жылғы 19 маусымдағы №2260001067911213; №2260001067911221; №2260001067911226; №2260001067911232; №2260001067911243; №2260001067911263 полимерлі және басқа материалдардың, олардан жасалған бұйымдардың, химиялық заттар мен композициялардың үлгілерін зерттеу хаттамалары негізінде Niso аса берік алюминий фольгасы (7,5 м); «Niso алюминий фольгасы (10 м)»; «Кремге арналған бір реттік кондитерлік қапшықтар»; ««Missha» Magic cushion cover»; «Multicolor choice classic tableware bowls»; «Avengers super hero ойыншығы» өнімдерінде таңбалану бойынша сәйкессіздік анықталды.
- Тергеп-тексеруді жүргізген бақылау және қадағалау органы:
Атырау қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.
- Тартылған сарапшылар (деректерін пайдалануға келісімі):
Сарапшылар тартылған жоқ.
- Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі:
2026 жылғы 25 маусым – 2026 жылғы 22 шілде.
- Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлға:
«Нур» жеке кәсіпкері, ЖСН 970721301039.
- Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылу себептері мен сипаты:
Тергеп тексеру барысында «Нур» жеке кәсіпкері өнімдердің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, сондай-ақ жеткізушінің жүкқұжаттарын тексеріске ұсынбады.
- Нормативтік құқықтық актілер талаптарының бұзылуына жол берген жеке және (немесе) заңды тұлғалар:
«Нур» жеке кәсіпкері, ЖСН 970721301039.
- Қабылданған шаралар:
2026 жылғы 22 шілдедегі № 49 Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулысы шығарылып, техникалық регламенттердің және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналымнан алып қою және өткізуден кері қайтарып алу туралы шешім қабылданды.