Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңын басшылыққа ала отырып, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Шортанды
аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 94/189 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) № 6 округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бектау ауылы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 3, «Бектау ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты;
2) № 7 округтік сайлау комиссиясының орналасқан жері Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылы, Бейбітшілік көшесі, 5А, «Бозайғыр ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
3) № 1 аумақтық сайлау округінің шекараларына толықтыру енгізіліп, оның құрамына Абылай хан көшесі, 26А мекенжайында орналасқан № 798 сайлау учаскесі енгізілсін.
4) № 2 аумақтық сайлау округінің шекараларына толықтырулар енгізіп, оның құрамына Феликса Дзержинского көшесі, 1В мекенжайында орналасқан № 771 сайлау учаскесін енгізілсін.
5) № 8 аумақтық сайлау округінің шекараларына толықтырулар енгізіп, оның құрамына Достық көшесі, 14, мекенжайында орналасқан № 772 сайлау учаскесін енгізілсін.
2. Осы қаулы Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Комиссия төрағасы М. Атабаев
Комиссия хатшысы А. Дулат
Шортанды кенті
2026 жылғы 12 қазан
№ 56/49