2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Шортанды аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 2), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 «2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгілік күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Шортанды аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2. Осы қаулы Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

Төрайым А. Атабаев

Хатшы А. Дулат

Шортанды кенті

2026 жылғы 13 қазан

№ 57/50

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-shortandy/documents/details/1090033?lang=kk