«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялықзаңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін кемінде бес күннен кешіктермей, яғни 2026 жылғы 27 қазанға дейін шарттық негізде ұсынылатын үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялап, сондай-ақ оларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.
Шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын және ақпарат көлемін беретін бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаны пайдаланушылар үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері, шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруды, таратуды жүзеге асыра алмайды.
Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді Ырғыз аудандық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта: tic_akt_irgiz@saylau.kz мекенжайы: Ырғыз ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 5үй) жолдауға болады.