2026 жылғы 29 қарашасына тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттар депутаттарын сайлауына байланысты, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Сандықтауский край» газетінің редакциясы сайлау алдындағы жұмыс үшін ақпараттық хабарламаның баспа алаңын ұсынады.
Материалдар электронды форматта ұсынылуы тиіс. Үгіт материалдары 100% алдын ала төлем жасалғаннан кейін, келіп түсу ретіне қарай және белгіленген күндерге сәйкес жарияланады.
Газет редакциясы үгіт материалдарын жариялаудың кезегін олардың редакцияға келіп түсуімен байланыстырады.
Үгіт материалдарының газет бетінде орналастыруды газет редакциясы өзі айқындайды. Үгіт материалдары «Сандықтауский край» газетінде «Сайлау-2026» айдарымен жарияланады. Мазмұны «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң талаптарына сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.
Баспа басылымдарында жарияланған барлық материалдар «Сандықтауский край» газетінің әлеуметтік желідегі арналарында да ұсынылады.
Қазақстан Республикасының мәслихаттар депутаттар кандидаттарына баспа алаңын бергені үшін бір шаршы сантиметр үшін ақы төлеу мөлшері 500 (бес жүз) теңгені құрайды.
Ұсынылған сайлау материалдары үшін төлем мөлшері 500 (бес жүз) теңгені құрайды.