Бағалық ұсыныс

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес «Айыртау таңы», «Айыртауские зори» газеттерінің меншік иесі болып табылатын «Айыртау-Информ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауы шеңберінде сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа алаңдарын ұсыну ақысының мөлшері туралы аудандық және облыстық мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды хабардар етеді:
- «Айыртау таңы» газетінде – 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 180 (жүз сексен) теңге;
- «Айыртауские зори» газетінде – 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 180 (жүз сексен) теңге.
«Айыртау-Информ» ЖШС.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/documents/details/1089668?lang=kk