
«Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінің бас жоспары. Түзету» жобасы бойынша Стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) есебін қарау туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57-бабының талаптарына сәйкес әзірлеуші мемлекеттік орган «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінің бас жоспары. Түзету» қала құрылысы жобасына стратегиялық экологиялық бағалау (СЭБ) жөніндегі есепті қарау процесінің басталғаны туралы хабарлайды.
СЭБ жөніндегі есеп сапасын бағалау үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға — Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне ұсынылды.
Қарауға стратегиялық экологиялық бағалаудың мынадай материалдары (бұдан әрі – СЭБ материалдары) ұсынылды:
- Құжат жобасы: «Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінің бас жоспары. Түзету» жобасына түсіндірме жазба (негізгі бағыттары және іске асыру мерзімдері).
- Аумақтың сипаттамасы: Жобаға арналған графикалық материалдар мен сызбалар.
- СЭБ жөніндегі есеп: Бас жоспарды іске асыру кезінде қоршаған ортаға, халықтың өмірі мен денсаулығына ықтимал елеулі әсерлер туралы ақпарат.
Бас жобалаушы: «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» Қазақстан жобалау-зерттеу институты» ЖШС.
Бас жоспар жобасын және СЭБ жөніндегі есепті әзірлеуші: «Казгипроград»1 Жобалау институты» ЖШС.
Тапсырыс беруші: «Шиелі ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Құжатты әзірлеуге жауапты: Шиелі ауданының әкімдігі.
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі.
Жұртшылықты қатысуға шақыру
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес СЭБ материалдары мүдделі жұртшылықтың қарауына жатады.
Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) мынадай мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:
- Жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
- Жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және не үшін?
- СЭБ өткізу қажет деп санайсыз ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
- Жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты Сізде өзге де ескертулер мен ұсыныстар бар ма?
Стратегиялық құжаттың жобалау кезеңінің басталу және аяқталу мерзімдері:
- бастапқы жыл – 01.01.2024 жылғы жағдай бойынша;
- құрылыстың бірінші кезегі – 2030 ж.;
- есептік мерзім – 2040 ж.
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы «24» қазаннан бастап 2026 жылғы «23» қарашаға дейін (ескертулер мен ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы «23» қараша).
Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8. Экологиялық мәдениет және саясат департаменті.
Тел.: 8 (7172) 74-13-83, 74-02-83, 8 707 617 31 74.
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz
Ескертулер мен ұсыныстарды жазбаша түрде мына мекенжайларға жіберуге болады:
- электрондық түрде Экология министрлігі Кеңсесінің электрондық мекенжайына: k.kense@ecogeo.gov.kz. Құжаттарыңыздың Кеңсеге келіп түскенін +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы міндетті түрде нақтылау қажет;
- e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz;
- «WhatsApp» нөміріне: 8 707 617 31 74.
СЭБ материалдарымен қайда танысуға болады
СЭБ материалдары:
1) Экология министрлігінің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі);
2) тапсырыс беруші Шиелі ауданы әкімдігінің сайтында жарияланады.