«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-1-тармақшасына, Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 8С-32-6 шешімімен бекітілген «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларына сәйкес және Ақмола облысы әкімінің 2026 жылғы 23 қыркүйектегі № 1.1-12/2192 ұсынысын қарастыра отырып, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағы берілсін:
Нұғыман Ермек Бекенұлына;
Ыдырысова Құралай Ғазизқызына;
Мырзабек Құдайберлі Рақымбекұлына;
Мұқанов Болат Мәжитұлына;
Закусилов Александр Александровичке;
Сыздықов Амангелді Хамзеұлына;
Әлиев Шияп Шарапұлына;
Құлыш Қапаш Қабыкенқызына;
Әлімжанов Баянғали Тоқанұлына;
Бағысова Жібек Есекеқызына.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов