"Шарайна" газетінің редакциясы

Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарын

сайлауға үгіт материалдарын орналастыру туралы ақпарат

 

 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Шарайна» газетінің редакциясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге ақылы негізде орын беріп, сайлау науқаны туралы мынандай баға жариялайды. Сайлауалды үгіт материалдары және оны газетте орналастыру шарттары, орындарды беру тәртібі:

– материал көлемі шаршы сантиметрмен;

– газеттің бірінші бетіне орналастырылатын үгіт материалдарының көлемі 200 шаршы сантиметрден аспауы керек;

– сайлауалды үгіт материалдарына орындар бөлу редакцияға материалдардың түсу реті бойынша жүзеге асырылады.

Сайлауалды үгіт материалдарын газет бетіне жариялау үшін төлем мөлшері әр шаршы сантиметрмен есептеледі: 1-ші бет – 300 теңге; түрлі-түсті бет – 300 теңге; ақ-қара бет – 250 теңге.

Жариялауға арналған өтінімдерде төлем уақыты, материалдарды шығаруға жауапты тұлғалар, қаржыландыру көздері, ақпаратты берген тұлғаның аты-жөні туралы мәліметтер болуы керек.

Бағалар ҚҚС-сыз көрсетілген.

«Шарайна» газетінің редакциясы.

 

 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-satpaev/documents/details/1089306?lang=kk