Талап ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының № 1 ХАТТАМАСЫ

Талап  ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының

№ 1 ХАТТАМАСЫ

 

Талап  ауылы                                                                        12 қаңтар 2026 ж

Талап ауылы клубы                                                                     сағ: 11-00

 

Қатысқандар: Жергілікті қоғамдастық мүшелері 5 адам, «Талап селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мамандары.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

  1. Талап ауылының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту;
  2. Талап ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
  3. «Талап селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы Талап ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінімінің жобасын талқылау.

ТЫҢДАЛДЫ:

Жиналысты Талап ауылының  әкімі Қайрат Мұратбекұлы Бапанов  ашып, жиналыс төрағасы мен хатшысын сайлауды ұсынды.

Жиналыс төрағалығына Еркен Абдыгаппарұлы Копеевті , хатшылыққа  Гулжан Жумагалиевна Сагатованы сайлауға ұсыныстар түсті.

Жиналыс төрағасы  Еркен Копеев жиналғандарды күн тәртібімен таныстырды:

  1. Талап ауылының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын бекіту;
  2. Талап ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
  3. «Талап селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы Талап ауылының бюджетіне өзгерістер енгізу туралы бюджеттік өтінімінің жобасын талқылау.

Күн тәртібі бойынша дауыс берулеріңізді сұраймын:

«Қолдағандар» - 5 адам.

«Қарсы» - 0 адам.

«Қалыс қалғандар» - 0 адам.

Сөз Талап  ауылының әкімі Қайрат Мұратбекұлы Бапановқа берілді:

Құрметті, жиынға қатысушылар, Сіздердің назарларыңызға, Талап  ауылының жергілікті қоғамдастығының 2026-2028 жылдарға арналған даму бағдарламасын ұсынамыз. Ескерту, алып-қосарларыңыз болса, айтыңыздар. /Қосымшада жеке ұсынылып отыр/

Еркен Копеев  жиналыс төрағасы, кімде қандай ұсыныс, сұрақтар бар?

Ұсыныс, сұрақ жоқ. Олай болса, күн тәртібіндегі екінші сұраққа көшейік.

«Қолдағандар» - 5 адам.

«Қарсы» - 0 адам.

«Қалыс қалғандар» - 0 адам.

Екінші мәселе бойынша, Талап ауылының жергілікті қоғамдастық жиынының мүшесі Мұратбек Сиязбекұлы Бейсембаев сөз алып, 2026 жылға арналған жергілікті қоғамдастықтың жұмыс жоспарымен таныстырды. (қосымшада).  Жиналғандар бірауыздан мақұлдады.

«Қолдағандар» - 14 адам.

«Қарсы» - 0 адам.

«Қалыс қалғандар» - 0 адам.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша, Талап ауылының әкімі  Қайрат Мұратбекұлы Бапанов өз алып, жергілікті қоғамдастық мүшелерін Талап ауылының 2026 жылға арналған  бюджеттік өтінімімен таныстырды:

Талап ауылының 2026 жылға арналған бюджетін енгізу қажеттілігі туындап отыр. Сіздерді осы қажетті қаражаттар туралы ақпаратпен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

124.001.015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» - 38 797,0 мың теңге.

Оның ішінде 159 бағдарлама бойынша:

124.008.015 «Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» - 13915,0 мың тенге.

124.009.015  «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» - 5421,0 мың теңге.

124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» - 44640,0 мың теңге.

124.013.015 «Аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін ұамтамасыз ету» - 5925,0 мың теңге.

Муханов Асан, жергілікті қоғамдастық мүшесі:  Сұратылып отырған қаржылар, керекті жеріне, орынды сұралып отыр. Сондықтан қолдаймын.

«Қолдағандар» - 5 адам.

«Қарсы» - 0 адам.

«Қалыс қалғандар» - 0 адам.

ҚАБЫЛДАНҒАН ШЕШІМ:

  1. Талап ауылының 2026-2028 жылға арналған даму бағдарламасы мақұлдансын. Бағдарламада көрсетілген бағыттардағы жұмыстардың орындалысы бақылауға алынсын.
  2. 2026 жылға арналған жергілікті қоғамдастықтың жұмыс жоспары бекітілсін.

 

 

Төраға:                                                                                       Е.А. Копеев

 

Хатшы:                                                                                      Г.Ж. Сагатова

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/talap-zhezkazgan/documents/details/1089223?lang=kk