21 қазанда Жақсы ауданы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысы өтті

📝 Қаралған мәселелер:
Кәмелетке толмаған баланың құқықтарын қорғау және ата-анасының жауапкершілігі

Комиссия «Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі» ММ-нің кәмелетке толмаған балаға қатысты Д. және Ж. азаматтарының ата-ана құқықтарын шектеу туралы талап арызын дайындау және Ювеналды сотқа жіберу туралы өтінішін қарады. Талқылау қорытындысы бойынша кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін, денсаулығы мен тәрбиесінің қалыпты жағдайын бірінші кезекте қамтамасыз етуге бағытталған шешімдер қабылданды.

Білім беруді жалғастыру және әлеуметтендіру мәселелері

«Қостанай политехникалық жоғары колледжі» КМҚК-ның кәмелетке толмаған К-ге қатысты ұсынысы егжей-тегжейлі зерделенді, Оқу процесінің үздіксіздігі мен тиісті бақылауды қамтамасыз ету үшін оны тіркеу орны бойынша жалпы білім беретін мектепке ауыстыру туралы мәселе қаралды.

Комиссия жұмысының басты басымдығы - балалардың заңды мүдделерін уақытылы қорғау, олардың қауіпсіздік, қамқорлық және білім алу құқығын сақтау.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zhaksy/documents/details/1089219?lang=kk