№ 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу жөніндегі округтік сайлау комиссиясының
ХАБАРЛАМАСЫ
Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 23 қазанда № 8 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:
Баймағанбетов Есенбек Қайроллаұлы, 1970 жылы туған, ұлты қазақ, №2 Саумалкөл мектеп-гимназиясының бассейнге қызмет көрсету инженері, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тұрады, партияға қатысы жоқ, өзін-өзі ұсынған;
Бекенова Гүлнәр Оралқызы, 1983 жылы туған, ұлты қазақ, уақытша жұмыссыз, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Новоукраинка ауылында тұрады, партияға қатысы көрсетілмеген, өзін-өзі ұсынған.
Округтік сайлау комиссиясы