№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу жөніндегі округтік сайлау комиссиясының ХАБАРЛАМАСЫ

№ 3 бірмандаттық аумақтық сайлау округі  бойынша Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу жөніндегі округтік сайлау комиссиясының

ХАБАРЛАМАСЫ

Округтік сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап, 2026 жылғы 23 қазанда № 3  бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Айыртау аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеді:

Әбірова Әйгерім Бауыржанқызы, 1999 жылы туған, ұлты қазақ, «Әділет» партиясының Айыртау аудандық филиалының кеңесшісі, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тұрады, «Әділет» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған;

Өтемісова Айымгүл Қанатқызы, 1988 жылы туған, ұлты қазақ, Айыртау ауданының отбасын қолдау орталығының психологы, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Саумалкөл ауылында тұрады, «Әділет» партиясының мүшесі, өзін-өзі ұсынған.

 

Округтік сайлау комиссиясы

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-airtau/documents/details/1089138?lang=kk