Тергеу нәтижелері туралы ақпарат.
1.Тергеп-тексеру жүргізудің негізі: 2026 ж. 17.09. № 5587 (А41.8), 2026 ж. 05.10 № 5913 (Т81.8) жағдайлары бойынша шұғыл хабарламалар.
2.Тергеу жүргізген бақылау және қадағалау органы: «Павлодар қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
3.Тартылған сарапшылар (деректерді пайдалануға келісім беру): қатысқан жоқ.
4.Тергеп-тексеру жүргізу мерзімі: 2026 жылғы 21.09 -дан 2026 жылғы 20.10. дейін
5.Тергеп-тексеру жүргізілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар: «Павлодар қалалық №1 ауруханасы» ШЖҚ-дағы КМК
Павлодар қ., Ломов көшесі, 49Б.
6.Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің нормативтік талаптардың анықталған бұзушылықтарының себептері мен сипаты: Тергеу барысында политравматология бөлімшесінде бұзушылықтар анықталды: құжаттаманы талдау кезінде таңу кабинетінде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жалпы жинау жүргізілмегені анықталды. Бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 тамыздағы № ҚР ДСМ-96/2020 бұйрығымен бекітілген «Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының 5-тарауының 53 және 55-тармақтарының талаптарын бұзу болып табылады. Тексеру барысында сыртқы орта объектілерінен шайындылар, ауа сынамалары, дезинфекциялық құралдар, стерильділікке арналған сынамалар және биологиялық тесттер алынды. Зертханалық бақылау нәтижелері бойынша қанағаттанарлықсыз нәтижелер анықталған жоқ. ГСИ (госпитальдық штамм инфекциясы) іске асу мерзімдерін ескере отырып, анықталған бұзушылыққа байланысты бұл жағдай медициналық көмек көрсетуге байланысты инфекция (МКБИ) ретінде бағаланды.
7.Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы нормативтік талаптарды бұзғаны анықталған жеке және/немесе заңды тұлғаларға қатысты: Заңды тұлға — «Павлодар қалалық №1 ауруханасы» ШЖҚ-дағы КМК, Павлодар қ., Ломов көшесі, 49Б
8.Қабылданған шаралар: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, айыппұл салынды, санитариялық-індетке қарсы (профилактикалық) іс-шараларды жүргізу туралы қаулы берілді.