«Жітіқара ауданындағы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі» жобасын іске асыру қорытындысы бойынша қоғамдық тыңдаулар

2026 жылғы 21 қазанда Жітіқара ауданының әкімдігінде «Жітіқара ауданындағы әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі» жобасын іске асыру қорытындылары бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті.

Жоба «Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Damu.KST» жастар қоғамдық бірлестігі тарапынан жүзеге асырылды.  Қаржыландырудың жалпы сомасы 2 млн 650 мың теңгені құрады.

Биыл байқауға 21 өтінім түсіп, оның 9-ы қорғауға жіберілді. Байқау комиссиясының қорытындылары бойынша бес жеңімпаз анықталды. Олардың әрқайсысына өз бастамасын жүзеге асыру үшін 400 мың теңгеден қаржылай қолдау көрсетілді.

Өзекті әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған жобалар қолдауға ие болды:

«PlayGraund» – «Үміт» бастамашыл тобы. Тургеновка ауылында балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау;

«Қарым-қатынас және белсенді демалыс аумағы» – «Күміс жас» тобы. Аға буын өкілдерінің бос уақытын тиімді ұйымдастыру;

«Жан музыкасы» – «Дарынды балалардың ата-аналары» тобы. Балалар шығармашылығын дамыту;

«Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған бейімделген киім» – «ГАММА» тобы. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау;

«Ұлттық мұра» – «United Group Kz» тобы. Өскелең ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету және оны ұлттық мәдениетке баулу.

Қоғамдық тыңдаулар барысында бірлестік менеджері Асель Мазенова атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырды,ал бастамашыл топтардың өкілдері өз жобаларын жүзеге асыру барысы мен қол жеткізген нәтижелері туралы баяндады. Кездесу соңында қатысушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, қоғамдық жобаларды одан әрі жүзеге асыру бойынша ұсыныстарын білдірді.

Ішкі саясат бөлімінің басшысы Мирас Абаевич тұрғындардың бастамаларын қолдаудың және мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Әлеуметтік идеялар жәрмеңкесі тұрғындарға өзекті мәселелерді шешуге бағытталған тың идеяларын ұсынуға, қаржылай қолдау алуға және бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұндай жобалар қоғамдық белсенділікті арттырып қана қоймай, ауданның барлық буын өкілдері үшін қолайлы әрі жайлы болуына ықпал етеді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/documents/details/1089076?lang=kk