«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптары, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 62, 63, 64, 65 баптары, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 81, 84 баптары, Жылыой аудандық мәслихатының 2022 жылғы 12 желтоқсандағы №26-2 «Аудандық мәслихатының 2013 жылғы 11 желтоқсандағы №17-20 «Құлсары қаласының бас жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі және Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2026 жылғы 09 қыркүйектегі №06-03-09/643 хаты негізінде Жылыой ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тауманова Анардың Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы №11 үй, №1 пәтер мекен жайында орналасқан кадастрлық нөмері 04-059-007-609 көлемі 0,07 га, тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскесі Махамбет даңғылы бойынан арбат құрылысымен беттесуіне байланысты мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.
2. Жер учаскесінің меншік иесі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы жазбаша хабарлама алған сәттен бастап «Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне келісу рәсімдерін жүргізу үшін өтініш білдірсін.
3. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін иеліктен шығару күні осы қаулының ресми жариялану күнінен алты айдан кейін 2027 жылдың 16 сәуіріне дейін деп айқындалсын.
4.7«Жылыой ауданы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекетік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін Жылыой ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
Аудан әкімі Ж.Қаражанов