|
1. |
НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып) |
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 78 бұйрығына өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» |
|
2. |
Әзірлеуші мемлекеттік орган |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі. |
|
3. |
НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса) |
Жоба «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңырту» Ұлттық жобасы (бұдан әрі – Ұлттық жоба) шеңберінде уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. |
|
4. |
НҚА жобаларының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасы |
Жоба шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері алатын қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін кредиттеу және субсидиялау шарттарын нақтылау көзделеді. |
|
5. |
Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері |
2026 жылғы қазан. |
|
6. |
НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар |
Жобаны қабылдау кері әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды. |