Байзақ ауданы әкімінің аппараты жанынан Call-орталығы құрылды.
Call-орталық арқылы сайлаушылар 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Жамбыл облысы Байзақ аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысты сайлаушылар тізімдері бойынша қажетті ақпарат ала алады.
Аудан әкімдігіндегі Call-орталықтың байланыс нөмірі: 8 (72637) 2-21-44
Ескертпе: Call-орталығы Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді. Түскі үзіліс – сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.